$ 494.87  520.65  4.91

Ұсыныс-пікірлер ор­­талықтанған жұмыс комиссиясына жіберілуде

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  Ұлт жоспарын халыққа кеңінен та­ныту және жүзеге асыру мақсатында үгіт-насихат тобын құрып, 2015 жыл­дың шілде-тамыз айларында облыстың барлық аудан-қалаларының шалғай ме­кен­дерінде көшпелі кездесулер ұйымдастыры­п, Елбасы ұсынған «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін бірінші институттық реформаны түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізді.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында аталмыш тақырып төңірегінде баяндама жасалып, сұрақ-жауап әдісінде түсіндірме жұмыстары жүр­гі­зілуде. 

Сондай-ақ азаматтық қоғам инсти­тут­тарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, кә­сіпкерлермен, жастар және ардагерлер ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құрал­дары және мемлекеттік қызметшілермен өтілген әрбір кездесулерде елімізде бе­лең алған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерімен қатар, «100 нақты қадам» стратегиялық жоспарын талдап, талқы­ланды. 

- Меритократия қағидаты­ның орындалуын қамтамасыз ету мақ­сатын­да, аудан-қала әкімдіктері, облыстық басқар­ма­лар мен аумақтық органдардан мемле­кеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсы­ныс­тар жинақталып, ор­­талықтанған жұмыс комиссиясына жет­кізілуде, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.

Жоспардың негізгі мақсаты «Аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары