ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ, терроризм және Каспий теңізіне қатысты 3 заңға қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Біріншісі – «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Екіншісі – «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Үшіншісі – «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.