$ 445.66  474.58  4.78

Мұрат Оспанов айыппұлын толығымен өтеді

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов  1 млрд 101 млн 60 мың теңге көлеміндегі айыппұлын толығымен төлеп құтылды.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

«12 қазан күні сотталушы Оспанов айыппұлын толықтай өтеді. Осылайша, Мұрат Оспанов сот үкімін толықтай орындады», – делінген сот хабарламасында.

2015 жылдың 12 қазаны күні Оспановқа қатысты сот ісі тоқтатылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпанында Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Мұрат Оспанов мемлекетке 1 млрд 101 млн 60 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.

Бұдан бөлек, сот Оспановқа тиесілі мүліктерді тәркілеп, шенеунікті  7 жылға дейін мемлекеттік қызметке қабылдамау туралы үкім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары