$ 498.34  519.72  4.85

Астанада құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

Елорда полицейлері «Хәзірет» ТК үлескерлерінің ақшасын жымқырды деген күдікпен «Шейх Қаз Инвест» ЖШС директоры Ольга Шнайдерді ұстады, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен.

«15 қазанда «Хәзірет» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ақшасын заңсыз иемденді деген күдікпен «Шейх Қаз Инвест» ЖШС директоры Ольга Шнайдер ұсталды», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шнайдердің іс-әрекетінен 80-ге жуық үлескер зардап шеккен.

 «Жәбірленушілерден жиналған қаражаттың жалпы сомасы жарты миллиард теңгеден асып жығылады. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,-деп түсіндірілген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары