$ 473.98  504.03  4.93
Заң 01.03.2019 сағат 09:01

Ақтөбеде 2 күзетші терроризмді насихаттады деген айыппен сотталды

Ақтөбеде 2 күзетші терроризмді насихаттады деген айыппен сотталды.  Қуанышбек Жайлаубаев қарулы джихадқа үндегені үшін 2014 жылы да істі болған екен деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.   

Ақтөбеде 2 күзетші терроризмді насихаттады деген айыппен сотталды

28 ақпан күні 30 жастағы Азамат Баймурзин 7, ал 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев 8 жылға бас бостандығынан айрылды. 

Екі күзетші де ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар