$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеу соты Kaspi.kz инвесторын қамауда қалдырды

Мәскеу қалалық соты Baring Vostok қорының негізін қалаушы, Kaspi.kz-тің ірі инвесторы Майкл Калвиді қамауда қалдырды. Кәсіпкерге «аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген айып тағылған.

Майкл Калвидің қамалғаны 15 ақпанда белгілі болды. Тергеушілер кәсіпкерді «Восточный» банкінен 2,5 миллиард рубль ұрлау үшін алаяқтық схема құрды деп айыптады. Іс осы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсуповтың арызы бойынша қозғалған. Калви 13 сәуірге дейін уақытша қамау изоляторына жіберілді.

Бұдан кейін бес ірі бизнес-ассоциация Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастыркинге Калвиді кепілмен үйқамаққа ауыстыруды сұрап xат жазған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары