18.03.2019, 09:04

Түркістан облысында рөлде әрең отырған мас полицейдің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Instagram әлеуметтік желісіндегі inst_krg парақшасында қызметтік көлігінде мас күйінде отырған полицейдің видеосы жарияланды.  

Өзін әлдекімнің видеоға түсіріп тұрғанын көрген полицей дереу көліктен шықпақ болады. Алайда әрең отырған оның жағдайы есік ашуға да жарамай қалады. 

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, оқиға былтыр күз айында болған. 

«Түркістан облысы полиция департаменті кейіпкердің Кеңтау қалалық полиция бөлімшесінің қызметкері екенін анықтады. Қазір сотқа дейінгі  тергеу жүргізіліп жатыр. Іс облыстық полиция департаментінің бақылауында», – дейді ведомстваның баспасөз қызметі.