$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында бұзақыны ұрып, балағаттаған полицейге қатысты тексеру жұмыстары басталды

Жуырда әлеуметтік желілерде түркістандық полицейдің ер азаматқа күш көрсетіп, оны балағаттап жатқан сәттегі видеосы тарап кеткен болатын. Түркістан облыстық Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға былтыр мамыр айында Кентау қаласында болған екен. Видеода полицейден жәбір көрген ер азаматтың өзі бұзақы болған дейді тәртіп сақшылары. Оны тыныштандыру үшін туыстары полицияны өздері шақыртқан.

"Десе де, ер азаматтың бұзақы болуы полицейді ақтап ала алмайды. Тексеру жұмыстары аяқталған соң оған тәртіп жаза қолданылады", - делінген Түркістан облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары