$ 494.87  520.65  4.91

«2 млн теңгеге бала сатылады» деген хабарландыруға қатысты мән-жай анықталды

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік желіде бала сату туралы хабарландыру тарағаннан кейін полицейлер әйелден түсінік алды деп жазады Sputniknews.kz. 

«Жасым 32-де, үш жұмыста істеп жүрмін, балаларымды асырай алмаймын. Балаларды керек қылған адамға тез арада берем, оларға артық ештеңе керек емес, тамақ пен басында баспана болса болды. Әйеліммен бір жыл бұрын ажырасқанмын, қазір бала-шағаны жалғыз өзім тәрбиелеп өсіре алмайтынымды түсіндім. Көмектесіңіздер, балаларды сатып алыңыздар, бәлкім, тегін берермін. Бір баланың құны – екі миллион теңге», - делінген желіде тараған хабарландыру мәтінінде.

Мәтінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әлия Арғынның кенже ұлының телефон нөмірі көрсетіліпті.

Әлия Арғын Facebook желісінде хабарлағандай, кіші ұлының ұялы телефонына бейтаныс жандар хабарласып, бала сату туралы сұраған. Бастапқыда әйел біреудің орынсыз қалжыңы ма деп ойлайды, бірақ үшінші қоңыраудан соң көңілінде күдік пайда болыпты. Құқық қорғау органдары да жауап алған көрінеді.

«Қатты ашуланғаным сонша, қаным басыма теуіп тұр. Полиция үйіме келіп, жауап алды, күйеуім мен балаларым туралы сұрады. Хабарландыру «Инстаграмда» тарап кеткен екен», - деп жазды Әлия Арғын.

Кейінірек әйел адам жазғандай, полиция басшылығына айыптыны ұстау туралы сұрату жіберген көрінеді.

Бала сату туралы посттың астында пікір қалдырған жұрт бірауыздан бұл ақпаратты таратқандарды қатаң жазалау керек деп ұйғарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары