$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің жаңа видеолары пайда болды

Атырау облысының экс-әкімі бейнеленген бірнеше видео интернетте тарап кетті. Онда Қазақстанда іздеу жарияланған Рысқалиевтің Лондон көшелерінде жайбарақат жүргенін көруге болады деп хабарлайды KTK телеарнасы.

Телефон шұқып келе жатып өзін камераға түсірмеуді сұраған адам Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев. Ал екінші таспада ол, екі қолын сырт киімінің қалтасына салып, тұманды альбиондағы саябақтардың бірінде емін-еркін серуендеп жүр. Үшінші бейнероликте де, 52 жастағы экс-шенеуніктің қыдырып жүргені көрсетілген.

Айта кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 71 миллиард теңгесін ұрлағаны үшін сырттай 17 жылға сотталған. Әзірге сол жағалаудағы құзырлы органдар бұл видеоларға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары