$ 449.58  486.94  4.86

Болгарияда журналисті өлтірген 21 жастағы азамат 30 жылға сотталды

Болгария соты 21 жастағы Северин Красимировқа 30 жыл түрме жазасын кесті. Сот Красимировты журналист Виктория Маринованы өлтірді деп тапқан, деп жазады Азаттық.

Сот процесі 22 сәуірде Болгария солтүстігіндегі Русе қаласында аяқталды. Зорлау, өлтіру баптарымен сотқа тартылған айыпталушы өз кінәсін мойындаған.

Виктория Маринованың денесі былтыр 6 қазанда Руседе парк аумағында тұрған көліктен табылған. Полиция журналисті әуелі зорлап, сосын тұншықтырып өлтіргенін анықтады.

Прокурорлар журналист өлімінің оның кәсіби қызметіне қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары