2018 жылы күзде Нұр-Сұлтан қаласында болған журналист Ирина Бекетованың өліміне қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz.
Қылмыс жасады деп айыпталған Анатолий Гусейнов қыздың өліміне әкелген денсаулығына ауыр зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
«Сот Гусейнов Анатолий Михайлұлын қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлімі бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру») қылмыс жасады деп танып, қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 11 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп айтты судья Вероника Семенова.
Сот айыпталушыға қаза тапқан әйелдің төрт баласына және балаларын қарап қалған оның анасы мен ағасына 6 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы түрінде залалды өндіріп алуды тағайындады.