Бішкекте ер адам 8 жастағы жиенін көлігіне байлап, 20 метр жерге дейін сүйреген, деп xабарлайды әлеуеттік құрылымдар қызметкерлеріне сілтеме жасаған Kaktus.media.
Оқиға 27 сәуірде болған. Көршілерінің айтуынша, бала апасының үйінен ақша ұлаған. Оны нағашы ағасы ұстап алып, қолын байлап, көлігіне жеккен. Кейін 20 метрге дейін сүйреген.
Жарақаттанған баланы полицейлер ауруxанаға жеткізген.
Баланың нағашы ағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз әрекетін «жиенімді тәрбиелегім келді» деп ақтап отыр.