$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар 110 адам ұсталды

Алматы облысының тәртіп сақшылары 12 наурызда басталған «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасын, сәуірдің соңына дейін жүргізетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шара барысында Алматы облысының полицейлері мал ұрлығының 150 дерегін әшкерелеп, осы қылмыстарға қатысы бар 110 тұлғаны ұстады.

«Жедел іздестіру жұмыстары арқасында 47 күн ішінде мал ұрлығына қатысты 93 қылмыс ізі суымай ашылды. Бұған дейін жасалған өзгенің малын ұрлап әкетудің 56 дерегінің мән-жайы анықталып, күдіктілер ұсталды. Оның 37 қылмысы «бұрынғы жылдар» санатына жатады. Қолды болған малды іздестіру барысында полицейлер 177 малды өз иелеріне қайтарды», - деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға талапты күшейткен. Облыстағы барлық автожолдарда бекеттер ұйымдастырып, іс-шара кезінде 3300 көліктің құжаттары тексеріліп, мал тасымалдау тәртібін бұзған 440 астам жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары мал иелеріне өз малдарына мұқият болуға шақырады. Жайылымнан жоғалған малды өздері іздеп, көп уақыт жоғалтатынын және ол малды жедел іздестіруге кері ықпал ететінін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары