Алматы облысында жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға Талғар ауданының Қызылқайрат ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оқиға сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні болған. 10-сынып оқушысының өз-өзіне қол салу дерегі ресми тіркелді. Қайтыс болған баланың жақындарына қалдырған хаты бар. Қазір бұл оқиға бойынша сот-мединциналық сараптама жүргізілуде. Ювеналды полиция тарапынан тиісті тексеру басталды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.