$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбе тұрғынын жаяу жүргіншілер жолағында қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

6 мамыр күні кешке Ақтөбе-Орынбор тас жолында қара түсті Toyota Land Cruiser-100 автокөлігі 41 жастағы ер адамды қағып, қашып кеткен деп xабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кешкі сағат 21:10 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 1978 жылғы ер адамды  Toyota Land Cruiser-100 көлігі қағып кеткен. Түрлі дене жарақатын алған ол жақын маңдағы ауруxанаға жеткізілген.

Полицейлер қандай да бір ақпарат білетін куәгерлерге 8 (7132) 936-403, 936-408, 8 705-735-38-33 немесе 8 775 149-93-59 нөмірлеріне xабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары