$ 498.34  519.72  4.85

Бас прокуратура мейрамға қарсы тағы да үндеу жариялады

Бас прокуратура алдағы мейрамға қарсы ресми сайттарына тағы үндеу жариялады. 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде а.ж. 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде.

Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын.

Алайда а.ж. 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.

Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз.

Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары