$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында панасыз адамды соққыға жыққан екі жасөспірім ұсталды

Алматы облысында тұрақты мекені жоқ азаматты соққыға жықты деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды. Оқиға Қапшағай қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың ауруханасына 58 жастағы тұрақты мекені жоқ азамат ес-түссіз күйде түскен. Тексеру барысында жәбірленушіні емдеу мекемесіне орталық саябақтан жеткізгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары ол жерден оқиға куәгерін тауып, түсініктеме алған. Куәгер егде адамды екі жасөспірімнің аяусыз соққыға жыққанын растап берді. Қатыгез балалар 17 жаста. Қаланың кешкі мектебінде оқитыны анықталды. 

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылар қамауға алынды. Ал жағдайы өте ауыр жәбірленуші әлі есін жиған жоқ. Қазіргі таңда адам денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.  

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары