$ 495.2  522.34  4.94

Шымкентте 9 жастағы қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта кәмелеттік жасқа толмаған, 9 жасар қызды зорлаған педофилге қатысты үкім шықты. Бұл туралы Vera.kz басылымы хабарлайды.

Шымкентте қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта кәмелеттік жасқа толмаған, 9 жасар қызды зорлаған педофилге қатысты үкім шықты. 20 жастағы Қанат Төлеген бұрын-сонды сотталмаған екен. 

Ол ҚР ҚК-нің "Кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлау" және "Кәмелеттік жасқа толмаған балаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасау" бабтары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер жазасын қауіпсіздік деңгейі ең жоғары колонияда өтейді.

Жәбірленуші тарап сот шешімімен келіспейді. Адвокат Айман Умарованың пікірінше, 9 жастағы қызды зорлап, сосын сексуалды сипаттағы әрекет жасаған адамға 18 жыл тым жеңіл жаза. 

"Мен үкіммен келіспеймін. Ол кішкентай баланы асқан қатыгездікпен зорлады, онымен қоймай сексуалдық сипаттағы әрекеттер де жасаған. Түсінесіздер ме, мұндай қылмыстың бірі үшін сонша жыл беріледі. Ал ол екі қылмыс үшін 18 жылға сотталды. Біз жазаға қатысты сот шешіміне шағым түсіреміз. Қалғаны әділетті болды деп санаймын", - деді адвокат. 

Айман Умарованың сөзінше, дәлелдер базасын жинауда өте ұқыпты жұмыс атқарылған. Оның биологиялық сараптамаға, молекулярлы-генетикалық сараптамаға, екі рет зорлағанын дәлелдеген сотмедсараптамаға еш шағымы жоқ. 

"Балаға екі рет зорлық жасалған: зорлау және сексуалды сипаттағы зорлық. Екеуі де болған, себебі саусақпен жасау бір бөлек те, ал мынау бір бөлек. Өте көп жарақат алды. Байғұс қыз әлі дәрігерлерге қаралып жүр", — дейді Умарова.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыс 2019 жылдың қаңтар айының басында орын алды.  Мұндай сұмдық оқиғаға тап болатынын білмей, ешнәрседен күмәнданбай жаттығудан қайтып келе жатқан қызды 20 жастағы педофил ұстап алған.

Қызды темір жол маңындағы қараусыз жатқан үйге апарып, зорлап тастаған. Ал Тоғыс ауылында бір адамның 9 жастағы қызды зорлағаны жайлы ақпарат тек бірнеше күннен кейін ғана тараған. Адвокаттың айтуынша, мұның бәрі сотқа дейінгі тергеу кезінде расталды.

"Сотталушы басында кінәні мойындады, сосын толығымен емес, жартылай мойындайтынын айтты. Ол тек жазаны жеңілдету үшін кінәсін мойындады. Жасаған ісіне өкінгенін байқамадым. Бұл шынымен де зорлау. Сондай-ақ бұл дәлелденген қылмыстық іс", — деді Айман Умарова.

Әлі өз-өзіне келе алмай жүрген 9 жатсағы қыз сот тергеу ісіне келген жоқ.  Ол далаға шығуға қорқып, айналасына үреймен қарап, кез келген жанды жау деп санайды екен. Адвокаттың сөзінше, баланы емдеуге ұзақ уақыт керек.

Екі тарап та сот шешіміне шағымдануды жоспарлап отыр. 

Дереккөз: stan.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары