16.07.2014, 07:57

Тиісті органдар «Гүлнәр-тур» компаниясын тексеретін болды

Сурет: kapital.kz

ҚР Бас прокуратурасы «Гүлнәр-тур» туристік операторын тексеруге рұқсат берді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Қазіргі кезде ҚР Бас прокуратурасы «Гүлнәр-тур» туристік операторын тексеруге рұқсат берді. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің ақпараты бойынша аталған тексеру 10 күннен аспайды. Тексеруден кейін барлық материалдар сотқа жіберіледі», делінген палата мәліметінде.

Белгілі болғандай, компанияның басшылары қазіргі кезде байланысқа шықпай отырған көрінеді.

Сонымен қатар әуе тасымалдаудан бөлек, тамыз-қыркүйек айларына туристік пакеттер бойынша Түркиядағы қонақүйлерде туроператор тарапынан төленбеу мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Алайда, туристік агенттіктер барлық төлемдерді «Гүлнәр-турға» толық көлемде жүзеге асырған.

Айта кетейік, «Гүлнәр-тур» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 млн. теңгеден асты.