$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда ішімдікке тойып алған әйел 4 жасар қызын сабаған

Оқиға 17 маусым күні болған. Еріктілерге әйелдің көршілері xабарласқан.
Фото: Vesti.kz
Фото: Vesti.kz

4 жасар сәби бүгінде еріктілер қолында. Анасы қызын алу үшін ішімдік ішуді қойып, оны ұруын доғаруы керек. Бұл туралы ақпарат İnstagram әлеуметтік желісіндегі  patriotkaragandyтобында жарияланды.

Оқиға 17 маусым күні болған. Еріктілерге әйелдің көршілері xабарласқан. Куәгерлердің айтуынша, келіншек қызын сабап, айқайлап, былапыт сөздер айтқан. 

Волонтерлер жедел-жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексерткен. Дәрігерлер сәбидің жағдайы орташа екенін айтқан. 

Қыз баланы еріктілер 18 маусым күні полиция бөлімшесіне алып барды. Оның тағдырын енді құқық қорғаушылар мен анасы шешеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды