Астанада лесби қыздарға қатысты сот басталды. Ғашығын өлтірген әйел үш сыбайласымен бірге жауап беруде. Қолын қанға малған сол басты күдікті Александра Лидің бес сыныптық қана білімі бар болып шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Күйеуін өлтірген 30 жастағы Александра Ли сот залында өзін емін-еркін ұстады. Тіпті, судьяның сұрағына күле жауап беруге тырысты.
«Ал лесби қызды буындырып, денесін бөлшектеп, кейін оны өртеп жіберуге көмектескен сыбайластары болса опық жегендерін енді түсінсе керек. Көз жастарына ерік берді. Диана Нұржанова 21, Мария Гурева 20 жаста», делінген телеарна сюжетінде.
Енді лезби қыз өмір бойына абақтыға жабылуы мүмкін.
— Мен оларға ең қатал жаза берсе деймін. Олардан қандай ана шығады? Балаларына қандай тәрбие бермекші? Тірі адамды бөлшектеп, өртеп жіберу деген сұмдық қой. Менің сөзім жоқ. Егер сот әділ шешім бермесе, онда оларға құдай жазасын берсін, — дейді Кристина Чернышеваның анасы Оксана Какаулина.
Еске сала кетсек, Марқұм Кристина Чернышевамен некеге тұрған «Каролина» деген лақап атпен танымал 30 жастағы Александра Қарағандыда тойларын дүркіретіп өткізген еді. Бір жыл өтпей жатып араларында жанжал шығып Каролина өзінен 10 жас кіші «сүйіктісін» қатыгездікпен өлтірген болатын.