$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 109 заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Депутаттар түрлі салаларды реттейтін құжаттарды қайта қарау үшін өңірлерді аралап, тәжірибелі мамандармен пікірлесуге кіріскен.
Фото: BNews.kz
Фото: BNews.kz

Елде 109 заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы Қарағандыға барған Парламент Мәжілісінің депутаттары мәлімдеді, деп хабарлайды «Астана» арнасы. 

Олар түрлі салаларды реттейтін құжаттарды қайта қарау үшін өңірлерді аралап, тәжірибелі мамандармен пікірлесуге кіріскен. Кездесу Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында өтті. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, бұл академияда болашақ полицейлерге тәжірибелі заңгерлер дәріс беретіндіктен, олардың пікірі маңызды. 

Парламентте Әкімшілік, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Оның ішінде Атқарушылық іс туралы заңға сот орындаушыларының жұмысын жеңілдететін бірқатар баптар енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, сот орындаушылардың өндірген ақшасына тыйым салу алынып тасталмақ.  

«Жетілдіретін заңдар көп. Соның ішінде Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдіруіміз керек. Қазіргі Әкімшілік кодексті жетілдіруіміз керек. Заңдар Парламент қабырғасында қаралып жатыр. Енді пікір алмасу үшін келіп отырмыз. Соларға толықтырулар мен өзгерістер енгізетін боламыз», - дейді мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары