19.07.2019, 10:20

Қазақстан медицина саласындағы жемқор шенеуніктердің ВИДЕОСЫ жарияланды

2016-2019 жылдары аралығында денсаулық сақтау саласында 443 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі медицина саласында істеген шенеуніктерді ұстау кезінде түсірілген видеоларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Антикоррупциялық қызмет таратқан видеода сотталған шенеуніктердің тегі мен суреттері жарияланған, сондай-ақ оларды ұстау кезінде түсірілген видеолардың үзіндісін көруге болады.  

2016-2019 жылдары аралығында денсаулық сақтау саласында 443 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. 191 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстар көбіне Түркістан, Қызылорда, Павлодар және БҚО-да тіркелген.