$ 448.89  477.93  4.76

«Бір отбасыны атып өлтірген»: Алматы облысында 25 жастағы жігіт ақша мен жұмыс жоқтығынан қылмысқа барған

Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Фото: novosti.az
Фото: novosti.az

Оқиға 2012 жылдың 25 қазанында Алматы облысындағы Басшы елді мекенінде болған, деп жазады sputniknews.kz.

Жергілікті тұрғындар күйіктің иісінен оянып, көршінің үйі лапылдап жанып жатқанын көрген. Алайда көмекке ұмтылған көршілер кәсіпкердің отбасын құтқару мүмкін емес екенін білмеген.

Оқиға орнына полиция мен өрт сөндіру қызметі жетті. Көршілердің бірі терезеден кәсіпкердің әйелі Сәуленің денесін көріп қалған. Оны бірер секунд ішінде далаға алып шыққанмен, жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмғанын анықтаған. Әйелдің денесінде оқ ізі болды.

Полицейлер бірден Сәуленің күйеуі мен оның туысынан күдіктене бастады. Өйткені екеуі де оқиға орнында жоқ еді. Бірақ олардың денесі үйдің маңынан табылды. Ер адамдардың үстіне шөп қойып, бензин құйып, өртеп жіберген.

Үйдің іші астан-кестен. Қылмыскердің бір нәрсе іздегені анық.

Қаза болғандардың шағын бизнесі бар еді. Азық-түлік дүкені бар отбасының үнемі қолма-қол ақшасы болатын. Қылмыскер мұны жақсы білген.

Полицейлер Бақдәулет есімді тұрғынды іздей бастайды. Өйткені оны оқиға маңында көрген екі куәгер табылған.

Алайда жігіт ауылдан кетіп қалған. Оның туыстары Бақдәулеттің жайылымға кеткенін айтты. Ал өзге шопандар оны біраздан бері көрмегенін жеткізген. Бірнеше күннен соң Бақдәулет ауылға өзі келді. Ол жолда өзін біреулер ұрып, ауылға әрең жеткенін айтқан.

Полиция бөлімінде де 25 жастағы жігіт айтқанынан қайтпаған. Алайда бірнеше сағаттан соң шатасып, шындықты айтуға мәжбүр болды.

Тұрғындар ауылдастарының мұндай сұмдық қылмысқа барғанына сене алмаған. Бәрі Бақдәулетті жақсы адам ретінде сипаттаған. Алайда жігіттің осындай ауыр қылмысқа ақша мен жұмыс жоқтығынан барғаны анықталды.

Дүкенге барған кезде кәсіпкердің туысы аға-жеңгесінің үйде болмайтынын айтқан. Бақдәулет бірден ұрлықты жоспарлай бастапты. Бірақ ешкімді өлтіргісі келмегенін айтады. Қаруды қорқыту үшін ғана алған. 

Қараңғы түскенде қаскөй кәсіпкердің үйіне барып, қорада тығылған. Бірнеше сағат бойы сол жерде отырыпты. Жоспарын жүзеге асыруға кіріскен кезде аулаға үй қожайының көлігі кірген.

Кәсіпкердің туысы Арман қораға кіргенде, қаскөй не істерін білмей қалса керек. Бетіндегі маска да түсіп қалыпты. Бұдан соң қылмыскер Арманды атып өлтерді. 

Оқ дыбысын естіген үй қожайыны да бірден қораға бет алды. Бақдәулет оны да атып өлтіреді. Куәгер қалдырмау үшін Сәулені де өлімге қиған.

Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары