$ 498.34  519.72  4.85

Сот Мұхтар Жәкішевті босатпады

Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев өзі қорғап отырған адамның денсаулығы сыр беруіне назар аудартуға тырысқан.
Фото: fergananews.com
Фото: fergananews.com

Сот Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Судья Ермек Шымыров сот шешімін оқыды. Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев өзі қорғап отырған адамның денсаулығы сыр беруіне назар аудартуға тырысқан.  

«Ұсталғанға дейін Мұхтар Жәкішев екінші дәрежелі артериялық гипертензиядан зардап шекті. Уақытша ұстау изоляторында оның денсаулығына айтарлықтай зиян келген, ал бас бостандығынан айыру орындарында ол оны мүлдем жоғалтты. Қазір оның артериялық гипертензияның соңғы сатысында жүр. Барлық ашық көздерде бұл жағдай инсульт пен инфарктқа әкеп соғуы мүмкін екені айтылады. Қазір оның үшінші топтағы мүгедектігі салдарынан жұмыс қабілеті 50 пайызға төмендеген», - деді Нұрлан Бейсекеев.

Оның айтуынша, Жәкішев тексеру кезінде 24 гипертониялық кризисті бастан кешірді. Сондай-ақ, Жәкішевтің аптасына үш рет 200-ге дейін қысымы көтеріледі, кейде жоғары болады екен. Оның айтуынша, осы күнге дейін  Жәкішев күн сайын 56 препараттан қабылдаған. Емдеу түзетілгеннен кейін олардың саны азайған. 

Нұрлан Бейсекеевтің сөзін ҚАЖК дәрігерлері растады. 

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында Астанада (қазір Нұр-Сұлтан) ұсталған. Ол сыбайлас жемқорлық бойынша 14 жылға сотталған еді. 

Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен.  

2018 жылдың қараша айында Жәкішев Семей қаласының № 2 сотына мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жасады. Сотталушының оң мінездемесіне қарамастан, сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартты, өйткені ол келтірілген залалдың жалпы сомасы 99,6 миллиард теңгені төлемеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары