Қазақстан азамат Таиландтың көші-қон түрмесіне тап болды. Бойжеткенді Бангкок әуежайында мерзімі өтіп кеткен визамен ұстаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Таиландта отандасымыздың ұсталғаны туралы ақпаратты Қазақсатнның Сыртқы істер министрлігі растады.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 1995 жылы туған Қазақстан азамат Бангкок әуежайында ұсталған.
Бойжеткеннің мерзімі өткен визасы болған. Бірнеше ай бойы ол Таиланд аумағында заңсыз жүрген.
Қазіргі уақытта қазақстандық ару көші-қон түрмесінде отыр. Келесі аптада оның ісі бойынша шешім шығарылуы тиіс. Ол туған жеріне депортациялануы мүмкін.
"Консул онымен тікелей өзі сөйлесті. Әзірге қылмыстық жауапкершілік туралы айтылған жоқ. Ұстау кезіндегі жағдайға қатысты шағым айтылған жоқ", - деді Смадияров.