$ 443.37  474.49  4.83

Қостанайда пойызда жолсерік келіншекті зорлаған: сот не үкім шығарды?

Жәбірленуші тарап ҚР ҚК-нің 120-бабы, 2-бөлігі бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қостанайда келіншекті зорлаған Астана-Нұрлы жол - Ақтөбе пойызының жолсеріктеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязов есімді жолсеріктер Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 1-бөлігі "Зорлау" бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді сот Оразбай Сатыбалды шығарды.

Жәбірленуші тарап ҚР ҚК-нің 120-бабы, 2-бөлігі бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурор алты жылдан астам уақытқа қамауды сұрады. 

"Костанайские новости" журналистерінің мәліметінше, зардап шеккен келіншек оқиғаны "Не молчи.kz" қорына хабарлағаннан кейін дау туған. Козғалыс көшбасшысы Дина Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында болған оқиғаны жазды. Оның айтуынша, әйел Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге қайту үшін "Тұлпар-Тальго" билетін сатып алған. Алдымен оның купесінде бір жолаушы болған. Кейін әйел мейрамханадан тамақтанып, қайтып оралғанда, купеде трико мен майка киген жолсерік отырған. Ол көршісін басқа орынға жайғастырғанын айтып, өзі сыра ішіп отырған. Әйел жолсеріктен бірнеше рет кетуін сұрап, нәтижесінде өз дегеніне жеткен. Содан кейін есікті кілтпен жауып, ұйықтап қалған.  Шамамен таңғы сағат 4-те келіншек оянып кеткен, себебі жанында сол жолсерік жатқан. Ол есікті өзінің кілтімен ашқан. Қылмыс жасалып, ер адам шығып кеткеннен кейін купеге тағы бір жолсерік кірген.  

Содан кейін әйел полицейлерді шақырды. Оқиға Қостанай облысының аумағында болды, сондықтан тергеумен жергілікті полицейлер айналысқан. Сот отырыстары Қостанайда жабық режимде өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай