$ 494.87  520.65  4.91

Инспектор Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеу органдары оны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша айып тақты. Ол екі ай мерзімге қамалды», - деді Ақмола облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Инспектор Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты күдікті Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ресми сауалға Ақмола облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері жауап берді.  

«2019 жылы 25 шілдеде Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотының тергеу соты 1974 жылғы ер адамды қамауда ұстау туралы үкім шығарды. Сотқа дейінгі тергеу органдары оны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша айып тақты. Ол екі ай мерзімге қамалды», - деді Ақмола облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Күләш Домалақова. 

23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркелген. Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. «Нива» автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды.  

Браконьерлер қолынан қаза тапқан «Охотзоопром» инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған. Оның төрт баласы қалды. Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен төрт баласы - үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды. Екінші жараланған инспектор Самат Оспанова Державин қаласының аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр, оған санавиация шақырылған. 

Қаныш Нұртазинов өзінің туған қаласы Жезқазғанда жерленді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары