$ 443.37  474.49  4.83

Алматы облысында Өзбекстанның 33 жастағы азаматы өз жерлесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алматы облыстық Полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факті 27 шілдеде Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында тіркелген.

Алматы облысында Өзбекстанның 33 жастағы азаматы өз жерлесін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайтыс болған адам да, күдікті де құрылыста жұмыс істегенъ деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы облыстық Полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факті 27 шілдеде Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында тіркелген. 

Жеке басын анықтау кезінде жәбірленуші Өзбекстан азаматы екені анықталды. 

«Екеуі де, жәбірленуші мен күдікті шілде айында еңбек шарты бойынша Қазақстанға келіп, Шонжы ауылының құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істеген. Олар жалдамалы пәтерде тұрған. Екеуінің арасында жанжал туындап, арты кісі өлімімен аяқталып отыр. Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды»,-деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, асүй пышағы тергеу материалына айғақ зат ретінде тәркіленген. 

Ал екі ер адамның арасында жанжалдың неден туындағаны тергеу барысында анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы