$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Құрбан айтта рақымшылық жасады: ол сотталған 2 азаматтың үкімін айыппұлмен алмастырды

Кривошеевтің сөзінше, журналист пен қоғам қайраткері өкініш білдіріп, президентке жүгінген.

Құрбан айт мерекесінің алдында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сотталған екі азамат Ярослав Голышкин мен Ерлан Балтабайға рақымшылық жасады. Соттың бас бостандығынан айыру үкімі айыппұлмен алмастырылған. Бұл ақпарат танымал қазақстандық сарапшы әрі экономикалық шолушы Денис Кривошеевтің Facebook парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кривошеевтің сөзінше, журналист пен қоғам қайраткері өкініш білдіріп, президентке жүгінген. 

«Ярослав Голышкин бопсалаушылық, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде жымқыру бойынша 8 жылға сотталған. Ол өкініш білдіріп және кінәсын толық мойындап, кешірім беруді және рақымшылық жасауды сұрап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінген болатын», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар рақымшылық жасауды иемдену және өзгенің мүлкін ысырап етті деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған Ерлан Балтабай да сұраған.

Ол да өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеуге дайын екенін айтқан.

Еске сала кетейік, Ярослав Голышкин павлодарлық «Версия» басылымының бас редакторы болған. Ол ҚК 194-бабы (бопсалаушылық ) және 132-бабы (Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту) бойынша айыпталып, 2015 жылы 30 қазанда 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот журналистің мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім кескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары