$ 494.87  520.65  4.91

Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған жігіт сотта жылап жіберді

Сол кезде қаржы жағынан қиын жағдайға тап болған едім.

Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған жігіт сотта жылап тұрып кешірім сұрады. Жарыссөз кезінде сөз алған Айдос Уәлиев өзін бас бостандығынан айырмауды өтініп, бұдан былай ұрлық жасамауға уәде берді, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Ұрлық түбі - қорлық" екенін енді түсінген жігіт енді ешкімнің ала жібін аттамайтынын айтты.

"Өтінемін, бас бостандығымнан айырмаңыздар! Мен түзелемін. Болған іске қатты өкінемін.

Сол кезде қаржы жағынан қиын жағдайға тап болған едім. Бірақ, ұрлықтың арты жақсылыққа апармайтынын түсіндім.

Маған алғашқы әрі соңғы мүмкіндік берулеріңізді сұраймын", - деп көзіне жас алды сотталушы Уәлиев.

Қылмысы үшін жаза арқалағысы келмеген 33 жастағы азамат жарты жылдан бері қамауда отыр.

Ол 30 наурызда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында «Toyota Land Cruiser» көлігінің айнасын қолды қылғаны аздай, сол күні тағы бір «Range Rover» маркалы тұлпардың айнасын шешіп алыпты.

Күдікті жігіт 2 күннен кейін ұсталған болатын. Бірақ ол қос жәбірленушіге де материалдық шығындарын толық өтеп беріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары