11.08.2019, 22:15

Заң бұзған 115 шетелдік елден шығарылды

ҚР көші-қон саясатының басты ұстанымы – ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау.

Көші-қон заңнамасын бұзған 115 шетел азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР көші-қон саясатының басты ұстанымы – ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау. Көші-қон процестерін басқару және реттеу халықаралық стандарттардың сақталуына негізделген. Жыл басынан бері Қостанай облысына 18 мыңға жуық шетел азаматы келген. Алайда, келгендердің барлығы бірдей заңға бағына бермейді. «Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тек көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1700-ден астам шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Көші-қон заңнамасын бұзушы 115 адам елден шығарылды, оның 11-не азаматтық іс жүргізіліп жатыр. Шетелдіктерді шақырған Қазақстан Республикасының азаматтары уақтылы тіркеуді қаматамасыз етуі тиіс. Осы бағытта тиісті шараларды қабылдамағаны үшін 370 жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды", - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында. Сондай-ақ, шетел тұрғындарының еңбегін заңсыз пайдаланған 90-ға жуық жұмыс беруші анықталып, жазаланған.