Мемлекеттік сатып алу сыбайлас жемқорлық етек алған салалардың бірі болып отыр. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мамандары мәлімдеді. Сарапшылар жыл басынан бері облыста өткізілген мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуына мониторинг жүргізген.
Соның нәтижесінде салаға жауаптылардың ұсынылатын қызметтер мен тауарлар бағасын қолдан көтеретіні белгілі болды. Жемқорлық мәселелері талқыланған дөңгелек үстелде агенттік өкілдері сыбайластыққа қатысты бірнеше жәйтті жайып салды. Айтуынша, мұндай олқылықтарға көбіне түрлі деңгейдегі әкімдік өкілдері жол береді екен.
Бұған қоса тәртіптік кеңесте бәйдібектік шенеуніктердің ісі қаралды. Онда аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, одан бөлек, экономика және қаржы бөлімдері басшыларының тәртібі сынға алынды.
Олардың барлығы дерлік мердігер компанияларды мемлекеттік сатып алу конкурстарына негізсіз жібергені үшін мінбеде тұрып, ақталуға тырысты. Серіктестіктердің мүмкіндігі ескерілместен, қазына қаржысына сеніп тапсырған жағдайлар да кездесіпті.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер.