$ 494.87  520.65  4.91

Бір күнде нұр-сұлтандық 76 қаңғыбас тексерілді

Ұсталғандардың ішіндегі 7 адам Нұр-Сұлтан медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына; 9 адам Нұр-Сұлтан қала әкімдігінің белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді.

Бір күндік «Қаңғыбас» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен полицияға тұрғылықты мекен-жайы жоқ 76 адам жеткізілді, деп хабарлайды Тengrinews.kz, елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық жеткізілген тұлғалар деректер базасы бойынша, олардың жеке басын және құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін тексерілді. Сондай-ақ, олармен құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Айта кетейік, белгілі тұрағы жоқ, қайыршылықпен және қаңғыбастықпен айналысатын тұлғаларды анықтау, сондай-ақ, аталған санаттағы адамдардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында Байқоңыр ауданының аумағында «Қаңғыбас» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Сонымен қатар, қабылдау-тарату орнына 9 адам орналастырылды.

Ұсталғандардың ішіндегі 7 адам Нұр-Сұлтан медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына; 9 адам Нұр-Сұлтан қала әкімдігінің белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізілді. Орталықтардың мамандары мұндай азаматтарға әлеуметтік, медициналық және заң көмегін көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қаңғыбас