$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте саяхатшыны ұрып-соғып, тонап кеткендер ұсталды

Шымкенттегі велоқауымдастық мүшесі саналатын Андрей есімді меценаттың күшімен саяхатшының велосипеді жөндеуден өтті. Күн сайын қала тұрғындары саяхатшыға келіп, дәрі-дәрмектері мен басқа да қажетті заттарын жеткізіп тұрды.

Шымкентте Украинадан келген велосаяхатшыға шабуылдап, ұрып-соғып, тонап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс жасады деген күдікпен Шымкент қаласының үш кәмелетке толмаған тұрғыны ұсталды. 17 жастағы тонаушылар велотуристің заттарының бір бөлігін қайтарды. Владимир Галигузов Әл-Фараби ауданының полицейлеріне жұмыстары үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғындарына, қала әкімдігіне мейірімділік жасағаны үшін алғыс білдірді.

Белгілі болғандай, Шымкент қаласының тұрғындары мен әкімдігі қапыда қалмай, зардап шеккен Украинадан келген велотуриске көмектесу үшін бар күштерін салған. БАҚ-та украиналық велотуриспен болған оқиға жарияланғаннан кейін, Шымкент қаласы туризм басқармасы мен «SHYMQALA» хостелінің меншік иесі туристті алған жарақаты оңалғанша хостелге жатқызды. Шымкенттегі велоқауымдастық мүшесі саналатын Андрей есімді меценаттың күшімен саяхатшының велосипеді жөндеуден өтті. Күн сайын қала тұрғындары саяхатшыға келіп, дәрі-дәрмектері мен басқа да қажетті заттарын жеткізіп тұрды.

Еске салайық, тамыз айының басында Владимир Галигузов өзі туып-өскен Шымкент қаласына келді. Ер адам түнде палаткада түнеген кезде белгісіз үш адам Владимирды ұрып-соғып, қабырғасын сындырған және қажетті заттары мен ірі сомадағы ақшасын ұрлап кеткен. 1000 АҚШ доллары мен бірнеше мың теңгесі жоғалған. Саяхаттауды тоқтатуға мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары