$ 443.37  474.49  4.83

Атырауда ашық қалған көліктің жүк салғышынан қару-жарақ арсеналы табылды

«Тойота» маркалы көліктің жүк салғышынан «МР 153» тегіс ұңғылы қару мен пейнтбол қаруы табылған.

Атырауда ашық қалған көліктің жүк салғышынан қару-жарақ арсеналы табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінен хабарлады. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, 26 тамыз күні түнгі сағат 1-де ер адам полицияға қоңырау шалып, аулада иесіз қара түсті көліктің тұрғанын және оның жүк салғышында қару-жарақ жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу арада полиция наряды жетті.

«Тойота» маркалы көліктің жүк салғышынан «МР 153» тегіс ұңғылы қару мен пейнтбол қаруы табылған. Тәртіп сақшылары бірден көлік иесін анықтайды. Белгілі болғандай 42 жастағы азамат көлігін жабуды естен шығарған. Полицейлердің мәліметінше көліктен табылған қарудың тиісті құжаты бар әрі қару иесі Қазақстанның аңшылар қоғамының мүшесі екен. Бұл факті бойынша ер адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада. 

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау