$ 439.43  473.31  4.82

Қызметкерінің шабынан тепкен судьяға 2 мың доллар айыппұл салынды

Отабек Тошев 2016 жылы Навои облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Қарамағындағы қызметкерінің шабына тепкен Навои облыстық сотының судьясы Отабек Тошевқа 2,1 мың доллар көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

12 тамызда Қашқадария облыстық соты бұрынғы судьяға екі жылға дейін мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салды.

Биыл 15 ақпанда Отабек Тошев тапсырмасын орындамағаны үшін қарамағындағы қызметкері Дилшод Норовты сабаған. Салдарынан Норов бір апта ауруханада жатқан. Жәбірленушінің айтуынша, судья оған басқа қызметкерлердің көзінше қол көтерген.

Видеоконференция түрінде өткен сот отырысында 43 жастағы Отабек Тошев қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен кінәлі деп танылды.

Отабек Тошев 2016 жылы Навои облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамай, өзіне "жала жабылды" деп отыр. Судьяның айтуынша, бұрын сөгіс алған Дилшод Норов өзінен кек алуды көздеген.

Алайда жәбірленуші өзінің "таяқ" жегенін айтып, Новои облыстық сотының төрағасын заң шеңберінде жазалауды сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#судья