$ 498.34  519.72  4.85

Қызылорда облысында ақтөбелік азаматқа қарақшылық шабуыл жасаған Байқоңыр қаласының 3 тұрғыны ұсталды

Бұл оқиға Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде орын алған.

Қызылорда облысында ақтөбелік азаматқа қарақшылық шабуыл жасаған Байқоңыр қаласының 3 тұрғыны көп ұзамай қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде орын алған. Аудан орталығындағы автобекетте белгісіз біреулер ақтөбелік тұрғыннан 2 954 000 Ресей рублін, екі ұялы телефоны бар сөмкесін тартып алған. 

Содан кейін белгісіз автокөлікке мініп оқиға орнынан бой тасалаған. Хабарламаға сәйкес, патрульдік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.  «Ваз-21014» маркалы автокөлігімен қашып бара жатқан Байқоңыр қаласының 3 тұрғыны қолға түсті. 

Тексеру барысында олардан айғақ зат ретінде ақша, телефондар алынды. Күдіктілер 23-25 жас аралығындағы жігіттер болып шықты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары