$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жігіттерді аяусыз көлікпен қаққан күдікті қамауға алынды

Жандос Әлікеев 1995 жылғы, Тараз тумасы. Алматыда тұрады, орташа білім бар.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қасақана үш адамға соққы жасады деген күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол тергеу барысында екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жандос Әлікеев 1995 жылғы, Тараз тумасы. Алматыда тұрады, орташа білім бар. Жұмыссыз, бойдақ. 2015 жылы жігіт бұзақылығы үшін сотталған. Кейіннен ақталып шыққан. Сол түні ол ақ түсті Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген. Ал інісі Дінмұхамед қара Toyota Avensis маркалы көлікті айдаған. 

Жандос Әлікеев сотта өзіне тағылған айыпқа еш келіспейтіндігін жеткізді. Оған 24-баптың 3-бөлігі, 99-бап 2-бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары "Адам өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды. 

"Төбелес болғаны рас. Олар 20 адам болды. Біз бес-алты ғана адам едік. Достарымыз құлап жатты. Шок алдым, тіпті ол жерден кетіп қалғым келген. Сол үшін автокөлікке отырған болатынмын. Адам өлтіру ойымда болмады. Біз дүкеннен шығып келе жатқанда әлгілермен төбелес басталып кетіпті. Достарым Гагарин даңғылымен жүгіріп бара жатыр екен. Сол себептен де бірден кете алмадым. Көлікке отырғаным сол еді, біреуін қағып кеттім. Мені бас бостандығымнан айырмау туралы санкция сұраймын", - дейді ол.

Адвокат Әлікеевтің болған жағдайға өкінетінін атап өтті. Оның кішкентай сәбиі бар екенін ескерткен қорғаушысы, жаза ретінде жігітті кепілдікке алуды сұрады. Бірақ сот оны екі ай қамауға алуға шешті. 

Еске сала кетсек, 26 тамызда желіде үш адамды көлікпен мыжған видео тараған болатын. Ақ Toyota Camry көлігі біреуінің үстінен басып кете жаздады. Ал екінші Toyota Avensis үш адамды қасақана қаққан. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы