$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда туристiк операторларға ортақ сақтандыру қоры құрылмақ

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы «Гүлнәр-тур» туристік компаниясы дауынан кейiн сақтандыру қорын құруды қолға алмақ. Бұл туралы бүгін палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлiм еттi, деп хабарлайды Skifnews.kz.

А. Мырзахметов мәлімдегендей, бүгінде туроператорлардың қаржылық ахуалын қадағалап отыратын мемлекеттiк тетiк өзiнiң тиiмсiздiгiн көрсетіп те үлгерді.

― Бүгiнгi таңда қарасаңыздар, туристiк операторлар нарығы өз iшiнде қауымдастықтар арқылы басқарылмай отыр. Әрине, мемлекет жағынан лицензиялау шаралары бар, өкiнiшке орай, бұл жағдай көп қадағаланбағандықтан, көптеген осындай келеңсiздiктер орын алуда. Себебi лицензия жыл сайын бұл компанияның қаржылық әлеуетi бар-жоғын қарап отыруы тиiс. Бiз ешқандай оператор болмаймыз, тек осы нарықтағы компаниялардың басын қосып, бiрiншiден, банктердегi депозиттердi сақтандыру қоры сияқты сақтандыру қорын құрмақпыз,―деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, әр жыл сайын операторлар қорға аздап қаражат аударып отырады, кейiн келеңсіз жағдайда, бұл ақша тұтынушылардың мүддесiн қорғауға жұмсалады.

― Екiншi мәселе, туроператорлардың басын бiрiктiрiп, өздерiне керектi стандарттарды қабылдау керек, жауапкершiлiк алуы тиiс. Осы мәселелердi ұлттық палата жүргiзедi. Әрине, бiз координатор ретiндегi жауапкершiлiктi мойнымызға алуға дайынбыз. Бiрақ, нарыққа оператор есебiнде емес, себебi бiздiң кәсiпкерлiкпен айналысатын қақымыз жоқ, ― дейді Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басқарма төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары