$ 447.4  477.55  4.76

Көріпкел жігітті Алматыдағы караоке-клубтардың бірінде атып кетті

Заман Сыпатаев есімді көріпкел жігіт Алматыдағы караоке-клубтардың бірінде күтпеген жерден жараланған, деп хабарлайды zakon.kz.

― Біртүрлі тарсыл даусын есіткен соң караоке-клубқа кіргенім сол еді, ауырсынғанымды сездім. Қолымнан қан аға бастады. Оқтың сүйегімді сындырып, бұлшықеттерімнің арасына тұрып қалған екен. Егер мен сол сәтте ол жерде болмағанымда, басқа біреу өмірімен қоштасар ма еді?!,― дейді ол.

Белгілі болғандай, атысты есірген біреу бастаған болып шықты. Қазір ол тергеу абақтысында қамауда сот айыбын күтіп отыр. Ал, экстрасенс Сыпатаевтың қолы жайлап жазылып келеді екен.

Өзінің айтуынша, бір апта бұрын біртүрлі түс көрген. Түсінде ол оқты қолымен қағып алған екен. Алғашында ол бұл түсін Украинадағы жағдайға телген. Себебі, кезінде оның Киевте көріпкелдер сайысына қатысқаны бар.

Сондай-ақ, жуырда Заман құқық қорғау өкілдеріне Семей маңындағы бір ауылда жоғалып кеткен әйелді іздеп табуға көмектескен. Ол ерекше қабілеті арқылы әйелдің қайтыс болғанын білген. Ал, құқық қорғаушылар болса, артынша әйелді өз күйеуі өлтіргені анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары