$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте кісі өлтірген қылмыскер мен оған тапсырыс берген кәсіпкер ұсталды

Тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны, ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.

Шымкентте тапсырыспен адам өлтірген қаскөй ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ, Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 қыркүйек күні Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы жылдың 19 шілдесінде кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдіктіні ұстады.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны, ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.

«Қылмысқа тапсырыс беруші биылғы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындады. Бүгінгі таңда ол абақтыда» делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары