$ 448.89  477.93  4.76

«Асыл тұқымды мал сатамын»: шымкенттік алаяқ алты жарым жылға сотталып кетті

Тіпті, жай таналарды асыл тұқымды деп алдап әкеп те берген. Содан секем алған жәбірленушілер шу шығара бастаған.

Асыл тұқымды мал сатамын деп алдап, талайды тақырға отырғызып кеткен азамат алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Шымкент қаласы Абай аудандық соты миллиондап алып, кәсіпкерлерді алдаған алаяққа осындай үкім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының тұрғыны, 1965 жылы туған С.Терехин мал шаруашылығымен айналыспақ болған танымал блогерге асыл тұқымды ірі қара мал сатамын деп алдап, 68 450 000 теңгесін алаяқтықпен иемденіп алған. Алдын ала адамдар тобымен сөз байласып алған сотталушы Терехин 2015 жылдың тамыз айының соңында әрқайсысының құны 315 мыңнан асатын 90 бас асыл тұқымды «Әулиекөл» ірі қара малын сатамын деп уәде еткен. Жәбірленуші арқылы тағы бір кәсіпкермен танысып, оған да 70 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатамын деп 28 млн теңгеден астам ақшасын алдап алған.

Тіпті, жай таналарды асыл тұқымды деп алдап әкеп те берген. Содан секем алған жәбірленушілер шу шығара бастаған. Сол аралықта Терехин тағы бір мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің 45 бас бағалы қойын алып, 1 170 000 теңгеге тақырға отырғызып үлгірген. Алғашқы сот талқылауы кезінде сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда, сот тергеуі барысында сотталушының кінәсі толық дәлелденген. Төрт жылдан бері тергеліп сотқа жеткен қылмыстық істі Шымкент қаласы Абай аудандық сотында судья Элеонора Бакирова қараған.

Сотталушыға ҚР ҚК 190-бабының 4-ші бөлігі 2-ші тармағымен, 385-бабының 2-ші бөлігімен айып тағылып, сот үкімімен алты жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сотталушы сот залынан қамауға алынған.

Бастапқы сот үкімімен келіспеген сотталушы С. Терехин апелляциялық шағым келтірген. Апелляциялық алқаның шешімімен сот үкімі күшінде қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары