Ақмола облысында екі жоғары лауазымды полиция қызметкері айыпталып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақмола облысының полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция полковниктері Сәдуов А.Е. және Жумалина С.К.-ге қатысты Қазақстан Республикасы қылмысты кодексінің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) қылмыс жасағаны үшін ҰҚК-нің ведомствоаралық жедел тобымен бірге сотқа дейінгі өндіріс жүргізілді», - делінген хабарламада.
Күдіктілер қылмыстарды жыл бойы жасағандығы анықталды. Полиция полковнигі Сәдуов қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.