$ 443.35  475.54  4.82

«2006 жылы да шекара бұзған»: Қытайдан қашып келген екі азамат тергеліп жатыр

Қытай асып келген этникалық қазақтар шекараны Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында бұзған. Сондықтан процестік және тексеру іс-әрекеттерін өткізу үшін қос азаматты сол жаққа апарады.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Қазақстан шекарасын заңсыз бұзып өткен ҚХР азаматтары Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсақанға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оларға Қылмыстық Кодекстің 1-бөлігі 392-бабы (ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту) бойынша айып тағылып отыр деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, «Жас Алаш» сайтына сілтеме жасап.

Қытай асып келген этникалық қазақтар шекараны Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында бұзған. Сондықтан процестік және тексеру іс-әрекеттерін өткізу үшін қос азаматты сол жаққа апарады екен.

«Қ. Мұсақан 2006 жылғы 21 маусымда мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Қазақстан-Қытай шекарасын бұзғандығы белгілі болды. Ол кезде тексеру жұмыстарынан кейін ҚХР-ға қайтарылған болатын. ҰҚК Шекара қызметі ҚХР азаматтары М. Әлімұлы мен Қ. Мұсақанға қатысты сотқа дейінгі тексеру, олардың құқықтарының толық сақталуымен, сондай-ақ, халықаралық міндеттемелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлайды», - дейді ҰҚК баспасөз хатшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары