$ 494.87  520.65  4.91

Үйін жезөкшелерге жалға берген елорда тұрғынына айыппұл салынды

Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеріп, «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Гёте көшесіндегі үйдің иесі өз үйін жыныстық қызмет көрсету үшін жалға бергенін анықтады.

Елорда тұрғынына үйін интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздарға жалға бергені үшін 250 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің баспасөз қызметі Skifnews.kz ақпарат порталына.

Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеріп, «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Гёте көшесіндегі үйдің иесі өз үйін жыныстық қызмет көрсету үшін жалға бергенін анықтады. 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 31 жастағы «А» есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабының 1-ші тармағы бойынша «Жезөкшелікпен айналысуға немесе жезөкшелерге үй беріп, көмек көрсеткені үшін» 100 АЕК (252 500 теңге) айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабын бұзған 30-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары