$ 494.87  520.65  4.91

Мораторий жариялағаннан кейін 40 мыңнан астам кәсіпкер тексеруден босатылды

Мораторий жариялағаннан кейін 40 мыңнан астам кәсіпкер тексеруден босатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын талқылауға арналған кеңейтілген жиынында ведомство басшысы Асхат Дауылбаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

―Президенттің бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық жалғасты. Орталық, сонымен бірге өңірлік деңгейде бірқатар бірлескен шаралар жүргізілді, ― деді ол.

Бас прокурордың айтуынша, мораторий жарияланғанға дейін прокурорлар 10 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізген.

― Бұл 40 мыңнан астам кәсіпкерлердің тексеруден босатылуына мүмкіндік берді. Бұл елдегі бизнесті дамыту жағдайын айтарлықтай жақсарта түседі. Мораторий аяқталғаннан кейін құқықтық статистика органдарында не бәрі 1561 шағын және орта бизнеске тексеру тіркелген. Ал өткен жылдың дәл осындай кезеңінде 51857 тексеру жүргізілген еді,― деп атап өтті А.Дауылбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары