$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық шенеунік қызметкерлерін қамауда ұстаған

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметкерлері өз басшыларының тұтқынында болды, деп хабарлайды «Экспресс К» газеті.

Мекеме басшысы қоластындағы қызметкерлерін түн ортасына дейін қамауда ұстап отырған. Бұған наразы болған мекеме қызметкерлері өз басшылары Дана Қасқатаеваның үстінен арыз жазып, облыстық тәртiптiк кеңеске шағымданды. Ұжымдық шағымда «Дана Қасқатаева өз қызметкерлеріне жоғарғы интонациямен дауыс көтеріп сөйлеуге құмар» делінген.

«Басқарма бастығы өз қызметкерлерін түнгі сағат 22:00-ден бұрын жұмыс орнынан жібермеген. Жоғарғы басшылықтан келген тапсырмаларды сылтауратып, орындалу уақытына шектеу қойған. Егер белгілі бір тапсырманы кешкі сағат оннан да бұрын орындасан, бәрібір жұмыстан ертерек шыға алмайсын. Себебі, Қасқатаева есікті құлыпқа жауып отырған. Ал құлыптың кілті басқарма бөлімшесінің бастығы Мәкен Тілеубергеновге нықтап тапсырылған. Есік тек Дананың рұқсатымен ашылып-жабылатын болған» деп жазады басылым.

Облыстық тәртiптiк кеңес арнайы тексеру жүргізіліп, оның барысында барлық фактілер дәлелденді.

«Басқарма төрағасы Қайыржан Тоқушевті Дана Қасқатаеваның «құлиеленушiлiк қабілеті» таңқалдырды. Ал Қасқатаева болса, өз кінәсән мойындамады. Дегенмен, басқарма бастығын жұмыс орнынан босатпады. Ал тәртіптік іс облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жіберілді» деп хабарлайды газет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары