$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда қаласында мектеп директорының орынбасары сотталды

Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Н.Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Тастанбекова қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Қызылорда қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Н.Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Тастанбекова қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол алаяқтық жасағаны және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдіктелген.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары